Мақтааралым туған жерім

admin 2020-03-09 01:12:07

Мақтааралым!ақ алтынның ордасы,

Деген баға берген еді, Елбасы,

Көркейтуге терін төгіп келеді,

Сенім артқан Мақтааралдың әр жасы.


Өзіңдей жерде тудым мақтанамын,

Тәңірім беріп басқа бағымда.

Жырақ кетсем сағынып аттанамын,

Жерін сүйген жанға мәлім шынында.


Сары далаңда сайран салып көсілген,

Небір ұлы шыққан міне өзіңнен.

Туған жерге өз ықпалын тигізіп,

Мақтааралдың атақ даңқын өсірген.


Бақыт құсы қонды ғой елге міне,

Үйрек ұшып қаз қонды көлдеріне.

Көрпар тартып той-тойлап халқым жатыр

Салтанаты жарасқан елде міне.


Туған жерім еңселі, айбынымсың,

Еліміздің ақ отау айдынысың.

Заңғар,биік шыңдардан көріне бер,

Өзіңсің бір бөлігі әң-жырымның.


Айдарға кіру
Ару ана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу