Ару ана

admin 2020-03-09 01:17:18

Ару ана


Ару ана қандай ғажап күлгенің,

Көркем бейне - отырғаның,жүргенің.

Жақсылықты асырып ару ана,

Жамандықты жасырып,еш білмедің.


Ару ана,біздер үшін терледің,

"Ұлым,қызым"-деп ешкімді бөлмедің.

Жақсы болсақ əркездері қуанып,

Жаман болсақ қатемізді жөндедің.


Ару ана,сенің көп қой еңбегің,

"Балаң жаман"-десе біреу сенбедің.

Қиналғанда жанымыздан табылып,

Ауырғанда бізді ылғи емдедің.


Ару ана жақынымсың сен менің,

Жақсылыққа əрқашан да өрледің.

Жақын жүрсем - күлімсіреп,қуанып,

Алыс жүрсем - бір көруге шөлдедің..


©Жамбыл Ахатов


Мақтааралым туған жерім
Қазақ тілім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу