Табиғат туралы жұмбақтар
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Күз
****
Бір халық аспанда ұшқан, аяғы жоқ,
Ұстаған қолдарында таяғы жоқ.
Күніне талай жерге кетер кезіп,
Нәрсенің бұл секілді саяғы жоқ.
Бұлт
***
Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді.
Ауа
***
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады.
Аяз
***
Шым - шытыр,
Шидай қотыр.
Жұлдыздар
***
Қанаты жоқ, ұшады,
Аяғы жоқ, жетеді.
Аузы жоқ, ұлиды.
Боран
****
Ат шаптырым аумағы,
Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді, ұшып өлмейді.
Бұлт
****
Қараңғыда жымыңдайды, жанады,
Жарық түссе, бірден сөніп қалады.
Жұлдыз
****
Аяқсыз жетіп барады,
Қолсыз есік қағады.
Жел
****
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады.
Найзағай
****
Қуып едім - мойнын бұрмады,
Ұстайын деп едім - қолға тұрмады.
Боран
****
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.
Жел
***
Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
Күн күркіреуі
****
Қонақтап күнде қонар су бетіне,
Сүйсінер барлық адам келбетіне.
Тұлғасы су ішінде көрінеді,
Таңырқап қарап тұрсам суретіне.
Ай
***
Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,
Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,
Іші кең бәрін салса толмайтұғын.
Көк, аспан
***
Тең, тең, тең киіз,
Екі ортасы кең киіз.
Аспан, жер
****
Көк жиекті шай табақта,
Алтын алма тербеледі.
Кейде бүркер алма жүзін,
Ұлпа мақта перделер.
Күн
***
Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем
Жер
****
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұр шашады.
Күн
***
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолын тоңады.
Қар
****
Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазира жарасқан
Гүлдерімен қай кезен?
Көктем
****
Сырылдатады шәйнегін,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.
Жаңбыр
****
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп - бояп барлығын
Сап - сары ғып қояды.
Күз
***
Қозғалып жүрер жортақ шам,
Барлығымызға ортақ шам.
Күн
****
Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды.
Қар
***
Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі?
Бұлттар
****
Төбесінде даланың
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ –
Жүреді,
Езуі жоқ –
Күледі.
Күн
****
Шымылдық ішінде қап - қара
Ұйықтап жат, дала, жат, қала.
Түн
****
Көктен түседі,
Жер ішеді.
Жаңбыр
***
Түндегі көп шырақты жағып кеткен
Кім келіп таң алдына алып кеткен?
Жұлдыздар
***
Қар мұз еріп, су көбейіп,
Сай салаға толады.
Бүршік жарып, жарық ашып,
Гүл бәйшешек басады.
Көктем
***
Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендерге түседі.
Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Күн, үйеңкі гүлдері пісіреді.
Жаз
***
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Күз
***
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанап жастар ойнайды.
Суда мұз бар,
Жерде қар бар.
Боран борап соғады,
Бұл қай мезгіл болады?
Қыс