Ас, тағам, сусын және тамақ туралы жұмбақтар
Азық - түлiк және тамақ түрлерi туралы жұмбақтар
Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас.
Таба, нан
***
Үсті темір, асты темір, Ортасын ал да кемір.
Таба, нан
****
Былқ - былқ, былқ семіз, Қабырғасы жоқ семіз.
Қамыр
****
Алға жайып тұз - дәмiн,
Келтiредi үй сәнiн.
Ол халқымның ақ жаны,
Жақсы дәстүр маржаны,
Кеңпейiл де арайлы,
Осы жерден тарайды.
Дастархан
****
Күрең қызыл түсi бар,
Тағамдардың асылы.
Қуат берер күшi бар.
Таба нан
****
Беттескен қос табақ,
Ортасында бас тамақ,
Қоз бен шоққа ораса,
Дәм пiседi тамаша.
Таба нан
****
Ұрмай - соқпай жылатады,
Әркiм бiрақ ұнатады.
Пияз
****
Өзi ащы,
Бiрақ,
Дәмдi етер асты.
Тұз
***
Ақ қиыршық еритiн,
Ас жоқ одан жеритiн.
Тұз
****
Көлiкпен түздiң,
Ащы тас сүздiм.
Тұз
*****
Түсi аппақ,
Тысы қатты - ақ,
Екi түрлi уызы,
Жесең тәттi - ақ.
Жұмыртқа
****
Есiгi жоқ,
Тесiгi жоқ,
Ақ доптың iшiнде,
Несiбi көп.
Жұмыртқа
*****
Қос басы жұмыр,
Жiңiшке құбыр,
Iшiне жиған,
Дәмi де шымыр.
Жiлiк майы
****
Аппақ су – дәмi тәттi,
Iшсең сусын қандырады,
Шөлдегенде қатты.
Қымыз
****
Терi құдық қауғасын,
Тарттым да,
Қанып iштiм дәмдi асын.
Саба
****
Бір құдықтың екі алуан суы бар - ды,
Қайнатса оның суы мұз болады.
Жұмыртқа
****
Әуеден айнала ұшқан бөдене екен,
Бөденені біреу атып жеген екен,
Еті арам, сорпасы адал немене екен?
Шай
****
Қаршығам өзі қансыз қолда қонар,
Қиын жерден қуанып ауыз толар,
Мен өзім қаршығамнан дән алыппын,
Шешуі бұл жұмбақтың қандай болар?
Кесе, шай
***
Бір жерде бар дейікші сары бұлақ,
Мақсаты адамзатқа нәсіп болмақ.
Тып - тыныш өз жайымен тұрмаған соң,
Байлаған екі жақтан тесіп құлақ,
Ойнақтар ор текесі ортасында,
Денесі басқалардан ұзынырақ.
Қымыз, саба, піспек
****
Бар еді бір жұмбағым егін емес,
Кісінің егейін десе ебі келмес.
Барлық ел, елаттарға тегіс бірдей,
Көтерсең ешнәрседен жеңіл емес.
Тұз
****
Өзі аппақ қардай,
Шайға салсаң балдай.
Қант
***
Бір қазанның ішінде екі түрлі ас.
жұмыртқа
****
Сылдыр сұйық, ағады,
Ақ болса да қар емес,
Шешуін кім табады?
Сүт
****
Жалғанда бір құдық бар суы тәтті,
Қауғасын бес бәйтерек мықтап тартты.
Емшек сүті, бес саусақ
****
Қырымда бір құдық бар суы батпан,
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан.
Сіресіп ба уырдай боп қатқан мұздың,
Бетіне бетегесі шығып жатқан.
Айран
****
Әрі сусын, әрі дәрі,
Емге ішеді жас пен кәрі.
Малдың сүті, елдің құты,
Деп бағалар жұрттың бәрі.
Қымыз
****
Шиге жайып кептірген,
Өзі қышқыл, түсі ақ,
Сорсаң дәмді, түсі ақ,
Жаңғақтай - ақ домалақ.
Құрт
*****
Мың қойым суға жүзеді,
Қойшысы бірге жүзеді.
Көже мен шөміш
****
Кішкентай құдығымның суы тәтті.
Жіліктің майы
***
Асты тақтай, үсті тақтай,
Арасында асыл мақтай.
Жіліктің майы
*****
Дастарханға түспейді,
Қазанда піспейді,
Дәмі аузынан кетпейді.
Ана сүті
*****
Ашылмайды қабағы,
Әркімнің де тамағы.
Ашуланса болады,
Ұлпадай жұмсақ жабағы.
Тоң май
****
Алтын алдым жапырақ,
Жатқан жері топырақ,
Алтынменен аптаған,
Күміспенен қаптаған.
Өсімдік майы
****
Аппақ қардай,
Дәмі балдай.
Балмұздақ
*****
Қол ауызға берді,
Ауыз жауызға берді,
Жауыз ирек жол арқылы
Барлығын қазынаға берді.
Ішкен тамақ
*****
Дегенде емен екен, емен екен,
Мен көрсем емен жолы төмен екен.
Білімді ақын болсаң мен айтайын,
"Құраннан” бір жас үлкен немене екен?
Нан
****
Мал киiмi ысталған,
Дәмi дәмдi ұсталған.
Мес
*****
Сұйық едi аппақ,
Бауырдай боп қатыпты,
Iшсең дәмi тәттi ақ.
Айран
****
Аппақ ас, сызы бар,
Балалар қызығар.
Балмұздақ
****
Мұз сынды түрi,
Тәттi дәмнiң бiрi.
Науат
****
Аппақ сұйық,
Қалса ұйып,
Шөлiң қанады,
Iшсең құйып.
Сүт пен Айран
****
Ең мықты дәрi,
Жұрттың бәрi.
Аусап iшер,
Бал татыр дәмi,
Ненiң нәрi.
Шұбат
****
Әжем уыстап сығып,
Далада кептiрген.
Қатты әрi тәттi дәмiн,
Кiм бар жеп көрген?
Құрт
****
Мал төлдеп,
Әр ауыл
Пiсiрдi ақ бауыр.
Уыз
****
Тобатайға құртымдай,
Жаз бойы бiр тынбай.
Жинаған гүл сөлiн,
Не?
Бiлсең, айтшы өзiң?
Араның балы
****
Аспан түстес сұйық,
Әркiм iшер құйып.
Су
***
Бiр жансыздың қаны бар,
Тiл үйiрген дәмi бар.
Шөлдесең iш, қанып ал.
Кесе мен Шай