Логикалық сұрақтар (Жауабы)

oinet1 2020-10-01 16:07:03

1. Тік төрбұрышты бөлмеге әрбір қабырғасында үш болатындай сегіз орындықты орналастыру керек.

2. Термометр аязда – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

Екі термометр де үш градус көрсетеді.

3. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы үш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?

Ауылға бір ғана мотоцикл бара жатыр.

4. Шаршының қабырғасын үш есе үлкейтсе, оның ауданы неше есе үлкейеді?

9 есе.

5. Сыныпта 35 оқушы бар. Қыздар ұлдардан үшке артық. Сыныпта қанша ұл, қанша қыз бар?

x+x+3=35 x=16(ұ)

х+3=16+3=19(қ)

6. 5 жас маманға барлығы 1500 тг жалақы берілді. Олар ақшаны бөліп, әрқайсы өзіне 320 тг тұратын кітап сатып алғысы келеді. Біреуі сатып ала алмайтынын дәлелдеңіз.

1500/320=4 1. мамандар саны 2. кітаптар саны 3. кітаптардың санына қарай 4. 1500=320*4+220

7. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек?

Жоғары қарай.

8. Бір жылда ең көп дегенде неше жексенбі болуы мүмкін?

53 жексенбі

9. Отырған бес адамның ішінде кемінде екі адамның ортақ танысы бар екенін дәлелдеңіз.

1. адамдар саны 2. таныс саны (0, 1, 2, 3, 4) 3. бірдей таныс санына қарай 4. 2-ден кем емес танысы бар адамдар бар.

10. Мектепте төрт жүз оқушы бар. Олардың ең болмағанда екеуі бір күнде туғанын дәлелдеңіз.

Бір жылда 365 күн бар, бұл 400 санынан кем болғандықтан, оқушылардың екеуі бір күнде туған боп шығады.

Айдарға кіру
Логикалық сұрақтар жауабымен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу