Қыз алып қашу

oinet1 2020-03-09 19:45:11

Қыз алып қашу қазіргі жастарға жақсы таныс салттың бірі. Ертеде әкесі келісімін бермесе, жігіт қызды алып қашып қосылатын болған. Ал кейбір жігіттер қыздың келісімін алмай, зорлықпен алып қашып жатады. Әрине, мұндай жағдайда екі жастың дәм-тұзы жарасып, үлгілі, өнегелі отбасы болып кетуі өте қиын. 

Қазіргі кезде ақша үнемдеп, ұзату тойын өткізбес үшін алдын ала келісіп, қыз алып қашу да бар. Бүгінде қыз алып қашу салт емес, қылмыс, яғни адам ұрлау деп саналады. Тіпті Қазақстанның кейбір өңірлерінде қыз алып қашқан жігіттер сотталып, түрмеге қамалған еді.



Айдарға кіру
Әмеңгерлік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу