Әмеңгерлік

oinet1 2020-03-09 19:47:12

Қазақ халқы ешқашан жетім-жесірін жылатпаған. Содан болса керек, күйеуі өліп, жесір қалған әйелді қайын ағасына немесе қайын інісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа берген. Осылайша жесір әйел мен оның балаларының далада қалмауын ойлаған. Тегі бөлек бөтен біреуге күйеуге шықса, балалары қорлық көріп, мейірімге бөленбей өседі деп санаған. Әрі әкелерінің қандас, аталас туыстары жетім балаларды анасынан ажыратып алып қалуы ықтимал. Мұның ауыр қиянат боларын қазақтар жақсы түсінген.

Бүгінде жесір қалған әйелдің марқұм күйеуінің туысымен тұрмыс құруы – сирек ұшырасатын жағдай, тіпті жоқтың қасы деуге де болады. Көп жағдайда күйеуінің ағайын-туысқандары әйел мен оның балаларына материалдық көмек көрсетіп, қол ұшын созып тұрады. 


Қыз алып қашу
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу