Дональд Трамптың қанатты сөздері

oinet1 2020-03-09 20:37:58

Қазақтар үшін артына ұрпақ пен сөз қалдыру ең маңызды іс. Мына сөздерді кезінде талай қазақ айтып кеткен болуы мүмкін. Алайда өзге ел тұлғаларының да қандай афоризмдері бар екенін білу артық етпес. Американың қазіргі президентінің қанатты сөздерін оқи отырыңыздар. 

Миллиардерлер үшін жұмыс пен ләззат алудың еш айырмашылығы жоқ. 

Егемендік, қауіпсіздік, өркендеу – әлем осы үш ұғымнан тұрады. 

Ойланатын қабілетіңіз барда ауқымды ойланып алыңыз. 

Жанармайға салатын салықты азайту арқылы экономика адам айтқысыз күйде көтеріледі. 

Барлығы сені құртқысы келеді, ешкімге сенбе! Тек жақсыларды иемден! 

Дамыған, өркениетті әлемде өмір сүреміз деп ойламыз. Бірақ әлем – қатігез, адамдар – аяусыз. 

Ағысқа қарсы жүзгенде ғана ең биік жетістікке жетесіз. 

Сізге шабыт беріп, қанаттандыратын афоризмдер жазылған қойын дәптеріңізді әрдайым жаныңызда ұстап жүріңіз. Қиын сәттерде шынында да көмегі тиеді. 

Ең қарапайым тәсілдер нағыз тиімдісі болып шығады. 

Мансап құрудың жолы көп, соның ең дұрысы – жақсы отбасында туып-өсу.


Гарвард университеті студенттерінің мотивациясы
Елбасының қанатты сөздері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу